«Қазақ тілі сабақтарында грамматиканы тереңдетіп оқытудың» арнаулы курстың жұмыс бағдарламасы
Орындаған: Қожахметова Мақбоза Төлендіқызы
М. Қозыбаев атындағы №23 орта мектеп
Бұл бағдарлама 18 сағатқа жалпы білім беретін мектептің 10-сыныпқа арналған. Бағдарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң талабына туындап отырған мәселе.
Түсініктеме
- Бұл бағдарлама қазақ тілі грамматика бойынша терең білім беру үшін құралған.
- Қазақ тілінің тереңдетілген бағдарламасының оқу материалдары дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді.
- Грамматиканы жақсы меңгеру үшін оқушылардың жазу, оқу, сөйлеу сауаттылығын жетілдіру, өзіндік көзқарасты мен дүниетанымын дамытуға жол аша отырып оқыту.
- Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескерту, оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқыту.
- Оқушының жеке адами қасиеттерін, тілдік қабілеттерін арттыру көзделеді.
- Бүгінгі заман талабының қажеттілігі: іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге тәрбиелейді.
- Тіл мен сөйлеу адамның болмысының, оның жалпы табиғатының көрсеткіші.
- Оқушының коммуникативтік дағдыларын, жеке тұлғаның мәдениетін дамытады.
- Сауатты сөйлеу қабілетін практика арқылы дамытуды қажет етеді.
- Нәтижесінде оқушының қазақ тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі.
Бұл бағдарлама орындалу үшін грамматикалық тұлғаларын айыру қажет. Ол үшін грамматикалық материалдарды таңдау принциптерін ұстану шарт:
1. Сөйлем құрастыруға қажеттілігі (принцип необходимости). Қарым-қатынасқа қажетті грамматикалық форма, құрылым пайдалана отырып, сөйлеуге керекті сөйлем түрлерін құрастыру.
2. Жиі қолдану принципі (принцип распространенности). Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданылатын грамматикалық құбылыстарды таңдау.
3. Өнімділік ұстанымы (принцип продуктивности).
Грамматикалық құбылыс пен лексикалық материал байланысы, өмірде жиі кездесетін лексиканы қалыптастыру. Пәрменді сөз қоры тақырыптық ұстаным арқылы құралады, ол грамматиканың ең қажетті деген формаларын таңдауға әсер етеді.
4. Тіркесу ұстанымы (принцип сочетаемости).
Сөз тіркестерінде жиі кездесетін грамматикалық формалар таңдау.
5. Түсініктілік ұстанымы (принцип доступности).
Грамматикалық форманы игерудегі қиындықтарды еске алу. Әр кезеңде, әр деңгейде қиын материалды жоғары сатыға көтеру, немесе тереңдету деңгейінде қалдыру.
6. Оқу материалын тереңдету, баптау (принцип постепенного усложнения)
- оқушылардың есінде лексикалық минимумын (қорын) сақтау;
- жаңа сөздердің жасалуын түсіндіруіне дағдыландыру;
- сөздердің жазу және айтылу техниканы меңгеріп алу;
Осылай оқушылар сөздерді – сөз тіркестерді – сөйлемдерді меңгере алады, ауызекі сөйлеу тілінде және жазбаша практикада пайдаланады. Оқу сапалы және нәтижелі болу үшін жаңа технологияға сүйену керек. Педагогикалық технологияның дидактикадан айырмашылығы «нені, қалай, не үшін?» оқытамыз деген сұрақтар туғызады. Оқу барысында күткен нәтижені алдын ала жоспарлап, оқу процесін сол бағытқа икемделуі тиіс.
Теория мен практиканың бірлігін нығайтумен коммуникативтік біліктің қатар қалыптасуына жол ашады.
Бағдарламаны дайындаған кезде осындай әдебиет пайдаланылған:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы –
Алматы, 1995
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Алматы, 1995
- Қазақстан Республикасының «Бала құқықтар туралы» Заңы. – Алматы, 2002
- Қазақстан Республикасының этно-мәдениетінің білім концепциясы. – Алматы, 1996
- Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім туралы концепциясы. – Алматы, 1994
- «Мәдениетті мұра» ұзақ мерзімді бағдарламасы. – Астана, 2002
- Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы. 11.07.1997
- Қазақ тілін оқыту үшін өрісті кеңейтуінің Қауылы. 14.07.1998
- «Асыл мұра» - негізгі бағдарлама. 14.09.2001
Арнаулы курстың мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты: Оқушының қазақ тілін оқыту процессінде тілдің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсіну, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру, іскерліктерін жетілдіру.
Тіл қызметін жүйелі меңгеру үшін, грамматика бойынша білік
дағдыларды жетілдіру. Оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.
Негізгі міндеттері:
- Оқушылардың грамматика ерекшеліктерін дұрыс пайдалану арқылы өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауға жұмсалуына мән беру;
- оқушылардың қызығушылығын көтеру, дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін қалыптастыру;
- дүниежүзілік халық мәдениетінің құндылығын меңгеру арқылы мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;
- оқушылардың тіл мәдениетін дамыту, олардың өзара тіл байлығын кеңейту үшін бағдарлау;
- іс-қағаздары үлгілерін сауатты жазуға дағдыландыру, жазба тіл мәдениетін қалыптастыру;
- оқушының пікірталас мәдениетіне баулу;
- шешендікке мүмкіндік туғызу;
«Қазақ тілі сабақтарында грамматиканы тереңдетіп оқытудың» арнаулы курстың тақырыптық жоспары
1. Кіріспе сабағы (1 сағат).
Қазақ тілінің сипаттары. Тіл мәдениеті халықтың әдет-ғұрпы мен тіл өнерінде. Сөз мағынасы – тауып сөйлеудің кілті. Сөйлеудің, диалогтің, монологтің түрлері. Тіл мәдениеті және шығармашылық жазу жұмыстары. Қосымшалардың тіл мәдениетіне қатысы. Қосымшаларды дұрыс жалғау дағдысын жетілдіру.
Қазақ тіл туралы Заң, Қауылы, концепция, бағдарламаларға сүйене отырып, тілдің маңызын, қажеттілігін түсіндіру. Бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етеді. Оқушының шағармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті алғышарт жасауға мән берілуі тиіс. Сондықтан оқушының өзіндік әрекетіне бағыт беру, дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету. Мектеп бітіруші, жас ұрпақ болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілеу, өзіндік сана көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастырады. Тілдерді білетін адам қай ортада болса да, тез бейімделеді, жаңа ақпараттарды тез түсінеді, іскерлік қасиетін дамытады.
Тілдік мәдениеті, білігі бар адам ғана қай ортада да өзіне сенімді бола алады және айналасындағылармен өзара тіл табыса білуге қабілетті болады. Ал, тіл табыса білу – еңбек нәтижелігінің ең қажетті шарт. Тіл адамның интеллектуалдық құралы. Сөз мазмұнын түсіну ғана баланың логикалық ойын дамытады, одан әрі қарай берілетін жаттығулар арқылы тілі ширайды.
2. Сөздің тура мағынасы және ауыспалы мағынасы (1 сағат).
Сөздің атауыш мағынасы тура мағына деп аталатындығы. Сөздің тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де қатысты болатындығы. Сөздің ауыс мағынада қолдануы көп мағыналы сөздердің тууына себеп болатындығы.
Ауыспалы мағынадағы сөздердің қолданылатын орындары, ойды бейнелеп айтудағы мәні. Көркем әдеби шығармалар мен газет-журнал бетіндегі көпшілік мақалалардағы ауыспалы мағынадағы сөздердің қолданылуы.
Көп мағыналық. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болатындығы. Бұлар бір ғана сөз табына қатысты екендігі. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығатындығы.
Көп мағыналы сөздердің ауыспалы мағынадағы сөздерден айырмашылығы. Көп мағыналы сөзді орынды жұмсай білудің сөз мәдениетімен байланысы. Сөз дұрыстығы.
3. Сөздердің мағыналық топтары (1 сағат).
Омонимдер. Анықтамасы, көп мағынадағы сөздерге ұқсастығы мен айырмашылығы. Омонимдердің бір сөз табынан да, әр түрлі сөз табынан да болатындығы, түбірлердің сөз тудыруға ұйытқы болатындығы.
Синонимдер. Анықтамасы, тіл байлығы мен сөз оралымдылығының көрсеткіші екендігі. Синонимдік қатар, ондағы сөздердің мағыналық, реңктік ерекшеліктері. Синонимдердің мағыналық айырмашылығын ажыратудың жолдары, бір ғана сөз табына қатыстығы.
Синонимдік қатардағы ұйытқы сөздің ерекшелігі. Синонимнің сөз мәдениетіне қатысы. Сөз байлығының ойды жеткізудегі мәні. Синонимдердің бір мәтін ішінде жарыса қолданылуының сөйлеушінің тіл мәдениетіне қатыстылығы.
Антонимдер. Қарсы мәндес сөздердің жұбынан тұратындығы, көп мағыналы сөздерге, синонимдерге, омонимдерге қатысы. Антонимдердің ойды анықтап, көркемдеп, әсерлі жеткізудегі мәні.
Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер). Өзіндік ерекшіліктері: екі не одан да көп сөздерден құралатындығы, бір ғана мағына білдіруі, құрамындағы сөздердің орын тәртібінің тұрақты болуы, даяр қалпында жұмсалып, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратындығы. Фразеологизмдердің ойды әсерлі берудегі мәні, синониммен, антониммен байланыстылығы, сөз мәдениетіне қатысы, жиі қолданылатын орындары сөз мағыналарының сипаты. Тілдегі жаңа фразеологизмдер. Фразеологизмдердің тарихи тамырлары.
Мақал-мәтелдер – халықтық рухани қазына, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері, ғибраттық, өсиеттік мәні, фразеологизмдермен ұқсастығы, өзгешелігі. Мақал-мәтелдердің ойды әсерлі жеткізудегі рөлі, орынды қолданудың сөз мәдениетімен байланысы, ұлттық ерекшеліктері. Сөз бен ойдың бірлігі. Синонимдік және антонимдес мақал-мәтелдер.
4. Фонетика (1 сағат).
Дауысты дыбыстар. Олардың өзіндік белгілері: үннен тұратындығы, созылып айтылатындығы, буын құрайтындығы.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі: а) тіл қатысына қарай: жуан, жіңішке; ә) ерін қатысына қарай: еріндік, езулік;
б) жақ қатысына қарай: ашық, қысаң болып бөлінетіндігі.
Дауыссыз дыбыстар. Олардың өзіндік белгілері: үн мен салдырдан тұратындығы, созуға келмейтіндігі, буын құрай алмайтындығы. Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдан қатысына қарай жіктелуі: а) қатаң дауыссыз дыбыстар; ә) ұяң дауыссыз дыбыстар; б) үнді дауыссыз дыбыстар.
Буын. Анықтамасы, түрлері: ашық, тұйық, бітеу буындар. Буынның жылжымалылығы.
Тасымал. Сөздерді тасымалдау тәсілдері. Тасымалданбайтын сөздер. Тасымал мен буынның бірлігі және ерекшеліктері. Тасымалдың жазба тіл мәдениетіне қатысы.
Үндестік заңы. Буын және дыбыс үндестігінің мәні. Сингормонизм заңының қазақ тілінің халықтық сипатын танытатындығы. Ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, олардың ерекшелігі, қолданылатын орындары.
Екпін. Қазақ тіліндегі екпіннің тиянақтылығы. Екпіннің түрлері: сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін. Қолданылатын орындары.
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәні. Олардың тілдік этикетпен байланысты болатындығы. Сөздің дұрыс берілуіндегі интонация мен дауыс кідірісінің, екпіннің атқаратын рөлі, сөйлеу мақсатымен бірлігі.
Морфология, оның лексикамен, фонетикамен, сөзжасаммен байланысы.
5. Зат есім. Сын есім. (1сағат)
Дара және күрделі зат есімдер, оның сұрақтары, зат есім болатын сөздердің мағыналары. Деректі және дерексіз зат есімдер. Дара және жинақтау зат есімдер. Жалқы және жалпы есімдер. Зат есімдер мағынасы мен атаулық жағынан жалқы есім және жалпы есім болып жіктелетіндігі. Зат есімнің сөз табы жүйесіндегі орны, рөлі. Зат есімдердің өзіндік белгілері. Зат есімнің құрамдық, тұлғалық сипаттары, лексика мен қатысы, ерекшеліктері. Дерексіз зат есімдердің сөз жасаммен қатысы. Зат есімдерді дұрыс қолданудың тіл мәдениетімен байланысы.
Сын есім. Дара және күрделі сын есімдер. Сын есімнің сұраулары. Сапалық сын есімдер. Сапалық сын есім жасайтын сындық сапалық қасиеттер (түсі, дәмі, көркі, көлемі т.б.).
Қатыстық сын есімдер. Қатыстық сын есімдердің жасалу жолдары. Сын есімдердің тек зат есімдермен байланыстылығы. Сын есімнің сөз табы жүйесіндегі орны, рөлі. Сын есімнің мағыналық топтары мен оның құрамдық, тұлғалық сипатының арақатынасы. Сын есімнің синониммен, антониммен, омониммен байланысы. Сын есімнің тіл тарихымен байланыстылығы. Сын есімдердің ойды көркемдеп жеткізудегі рөлі. Сын есімнің шырайлары.
6.Сан есім. Есімдік. (1сағат)
Сан есім заттың, санын мөлшелерін, бөлшегін білдіретін сөз табы екендігі. Сан есімнің сұрақтары. Дара және күрделі сан есімдер. Сан есімнің зат есіммен байланыстылығы. Сан есімнің түрлері: есептік, реттік. жинақтық, топтық, болжалдық, бөлшектік сан есімдер. Олардың жасалу жолдары, қолданылатын орындары, жазылу емлесі.
Сан есімнің сөз табы, жүйесіндегі орны, рөлі, ерекшклігі. Сан есімнің зат есіммен табиғи бірлігі. Сан есімнің адам танымымен қатысы. Қазақ тіліндегі киелі сандар. Сан есімдердің көркем шығармаларда қолданылуы, тіл тарихымен байланыстылығы. Сандық, мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер.
Есімдік. Сөз табының есімдік деп аталу сыры. Есімдіктің зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретіндігі. Қай сөз табының орнына жүрсе, сол табының сұрағына жауап беретіндігі.
Есімдіктің түрлері: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық. Олардың қолданылатын орындары, сұрақтары,жазылу емлесі.
Есімдіктердің сөз табындағы орны, рөлі. Есімдіктің есім сөздермен қатысы,
тіл тарихымен байланысы. Есімдіктердің құрамдық, тұлғалық ерекшеліктері.
Есімдіктердің омонимге, синонимге, антонимге қатысы. Есімдіктердің тіл мәдениетімен бірлігі.
7-8. Етістік. Етістер (2 сағат).
Етістік заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөздер етістік деп аталады. Етістіктің мағыналық топтары: амал-әрекет етістіктері, ойлау-сөйлеу етістіктері, өсу-өну етістіктері, бағыт-бағдар етістіктері, көңіл-күй етістіктері, бейнелеу-еліктеу етістіктері. Етістіктің сұраулары. Дара етістіктер. Күрделі етістіктер, олардың мағыналық бірлігі, жасалу жолдары.
Болымды және болымсыз етістіктер. Болымсыз етістіктердің жасалу жолдары, мағыналық айырмашылығы.
Салт және сабақты етістіктер. Олардың субъекті мен объектіге қарым-қатынасы.
Етістіктің сөз табы жүйесіндегі рөлі, орны. Етістіктің зат есіммен табиғи бірлігі, өзіндік ерекшеліктері, тіл тарихымен байланыстылығы. Етістер түрлері: ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс. Жұрнақтары. Мағынасы мен қызметі.
Есімше. Есімшенің етістікке, сын есімге қатыстылығы, оның түрлері, мағыналары, сөйлемдегі қызметі.
Көсемше. Көсемшенің жасалу жолдары. Көсемшенің түрлері, мағыналары.
Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары: өткен шақ, нақ осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Етістіктің райлары: Бұйрық рай, қалау рай, шартты рай. олардың мағынасы, жасалу жолдары.
9. Үстеудің түрлері (1 сағат).
Үстеудің түрлері: мезгіл, мекен, қимыл-сын, күшейту, мақсат, себеп-салдар, топтау. Мағыналық ерекшеліктері, сұрақтары, қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Үстеулердің сын есіммен, синониммен, антониммен, омониммен қатысы. Үстеулердің ойды көркемдеп, нақтылап жеткізудегі мәні. Сөз мәдениетімен бірлігі.
10. Одағайдың түрлері (1 сағат).
Көңіл-күй одағайлары, ишарат одағайлары, шақыру одағайлары. Олардың қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты. Одағайлардың емлесі. Олардың орны, рөлі ерекшеліктері, қызметі, тіл мәдениетіне қатысы.
Көмекші сөздер: көмекші есім, көмекші етістік, шылау сөздер.
11. Зат есімнің түрленуі (1 сағат).
Зат есімнің түрлену категориялары – көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары. «Жалғау» терминнің мәні. Зат есімге тән жалғаулардың сөз мағынасымен бірлігі және байланыстырушылық қызметі.
Зат есімнің көптелуі. Көптік жалғаудың мағыналық сипаттары. Көптік жалғауы жалғанбайтын зат есімдер. Көптелмейтін зат есімдерге көптк жалғауы белгілі бір мақсатта қосылатындығы.
Зат есімнің тәуелденуі. Ортақ және оңаша тәуелдеу. Тәуелдік жалғаулардың беретін грамматикалық мағыналары, қызметі тәуелдік жалғаудың меншіктік мәнді білдіруі, жіктеу есімдіктермен қатысы.
Зат есімнің септелуі. Зат есімнің жіктелуі. Жіктік жалғау және үндестік заңы.
12-13-14. Синтаксис. Сөздердің байланысу түрлері (3 сағат) .
Сөздердің байланысының сөз мағыналарымен қатысы.Сөз құрамындағы байланыстырушы тұлғалар. Қосымшалардың рөлі. Сөздердің байланысу тәсілдері: қосымша арқылы, интонация арқылы, орын тәртібі арқылы, шылаулар арқылы.
Сөздердің байланысу түрлері: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу жанасу. Терминдердің мәні. Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар: анықтауыштық,толықтауыштық, пысықтауыштық.
Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастардың сөйлем мұшелерімен қатысы. Сөз тіркесі туралы білімнің сөз мәдениетімен байланысы.
15. Сөйлем мүшелері (1сағат).
Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш: оның тұлғалық, мағыналық белгілері,негізгі сұраулары. Бастауыштың жасалуы. Зат есімнен басқа сөз таптарының бастауыш болу шарты. Дара және күрделі бастауыштар. Күрделі бастауыштың жасалуы.
Баяндауыш: оның тұлғасы, мағыналық белгілері. Баяндауыштың сұраулары, оның сөз табына қатысы. Баяндауыштың жасалуы. Дара және күрделі баяндауыштар.Күрделі баяндауыштың жасалу жолдары.
Бастауыштың, баяндауыштың байланысы. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш: тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары. Толықтауыштың жасалуы. Зат есімнен басқа сөз таптарының толықтауыш болу шарты. Дара және күрделі толықтауыш. Тура және жанама толықтауыштар. Басқа сөйлем мүшесімен байланысы.
Анықтауыш: тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары, жасалуы. Дара және күрделі анықтауыш. Анықтауыштың басқа сөйлем мүшелерімен байланысы.
Пысықтауыш: тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары,жасалуы. Дара және күрделі пысықтауыш, оның жасалу жолдары. Пысықтауыштың түрлері: мекен, мезгіл, қимыл-сын, мақсат, себеп пысықтауыш.
Бірыңғай мүшелер туралы түсінік: грамматикалық белгілер, тыныс белгілері.
Бірыңғай мүшелерге ортақ жалпылауыш сөздер, олардың жасалуы, орын тәртібі, тыныс белгісі. Мағыналары қарама-қарсы антоним сөздердің қолданылуы .Жалғаулықты, жағаулықсыз болып келуі. Сөйлем саздылығы.
16.Оқшау сөздер. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі және ой екпіні.
Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі, диалог (1 сағат).
Оқшау сөздер туралы түсінік. Түрлері: қаратпа, қыстырма, одағай сөздер.
Қаратпа сөз туралы ұғым, оның тыныс белгілері. Қыстырма сөздердің түрлері: қыстырма сөз, қыстырма тіркес, қыстырма сөйлем. Қыстырма сөздің және одағай сөздің сөйлем ішінде қолдану орны, айтылу интонациясы, тыныс белгілері.
Оқшау сөздердің ұлттық сипаттары, этнопедагогикалық, психологиялық мәні. Көркем шығармаларындағы оқшау сөздердің қолданылу ерекшеліктері.
Ауызша әңгімелеу үлгісіндегі қолданысы. Оқшау сөздердің стиль түрлерімен байланысы.
Қазақ тіліндегі екпін тұрақты болуы шарт.
Екпін түспейтін қосымшалар: 1.Жіктік жалғаулары; 2.Етістіктің болымсыздық мағынасын туғызатын –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшалары.
3.Есім сөздерге және етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, теңеу, ұқсату мәнін білдіретін –дай, -дей, -тай, -тей және –ша, - ше т.б. жұрнақтар.
4. Етістік тұлғаларына жалғанып тілек , өтініш мәнін білдіретін –шы, -ші қосымшасы.
Күрделі сөздер біртұтас ырғақпен, бір екпінмен айтылатындығы.
Төл сөз бен төлеу сөз жайында жалпы түсінік. Төл сөз бен автор сөзі, олардың орын тәртібі және тыныс белгілері. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары. Диалог, оның стильдік мәні, тыныс белгілері.
17. Салалас құрмалас сөйлем (1сағат).
Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. туралы түсінік.
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем.
Себеп- салдар салалас құрмалас сөйлем.
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем.
Олардың сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің өзара мағыналық қатынасы, байланысу тәсілдері, интонациялық ерекшеліктері, тыныс белгілері.
Құрмалас сөйлемдердің ойды жеткізудегі рөлі.
Салалас құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері.
18. Сабақтас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем. (1 сағат)
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық ерекшеліктері. Сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдері, орын тәртібі.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері:
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
Сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерінің байланысу тәсілдері, жасалу жолдары. Cабақтас құрмалас сөйлем түрлерінің тыныс белгілері, ерекшеліктері.
Аралас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдерінің орын тәртібі,
байланысу тәсілдері,қолданылу ерекшеліктері және тыныс белгілері.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылған талаптары,
қалыптасуы тиіс негізгі білім - біліктер.
- Құрмалас сөйлемнің грамматикалық ерекшеліктерін білу, тіл фактілері арқылы жүйелі түсіндіріп бере алу;
- салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білу;
- мәтіндегі көркем шығармада пайдаланылған салалас құрмаластарды қолданудағы авторың стильдік мақсатын танып,оны түсіндіре алу;
- салалас құрмаластарды қатыстыра отырып, шағын шығарма, суреттеме, ойтолғау жаза алу;
- салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу тәсілдерін жүйелеп, сызбаға түсіре алу;
- сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық құрылысын, мағыналарын білу;
- салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерге салыстырмалы сипаттама бере алу;
- сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері мен жасалу жолдарын сызбаға түсіре алу;
- сабақтас құрмалас сөйлемдерді және жай сөйлемдерді ажырата білу, оларды дұрыс жаза алу;
- сабақтас құрмаластың мағыналық түрлерін қатыстырып, ауызша, жазбаша мәтін құрай білу;
- көп құрамды құрмалас сөйлемдерді көркем шығармалардан тауып, қызметін тану;
- тыныс белгілерін сауатты меңгеру.
- Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі, цитата, диалог сөздерді мәтіннен, көркем шығармалардан таба білу, талдай алу. Олардың өзара айырмашылықтарын түсіндіре алу;
- мектеп өміріндегі өзекті мәселелерге, тағы да басқа мазмұнды тақырыптар төңірегінде диалог құрастырып, ауызша және жазбаша сауатты жеткізе білу;
- шығарма жұмыстарында төл сөз, автор сөздерін қолдана алу, олардың тыныс белгілерін дұрыс қоя білу;
- шағын әңгіме, шығарма жаза алу;
- шығармаға жоспар құра алу,
- өз ойын анық, дұрыс және көркем етіп ауызша, жазбаша жеткізе алу;
- тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білу;
- стиль түрлерін ажырата алу;
- фонетикалық, лексикалық, морфолгиялық, синтаксистік талдауды меңгеру; тіл құбылыстарын өзара салыстырып, талдап, жинақтай, топтай білу;
- сөздік түрлерін пайдалана алу;
- грамматика заңдылықтарын меңгеру;
- сөздерді орфографиялық норма негізінде сауатты жаза білу,
- қазақ тілінің дыбыс үндестігі заңдылығын жазба жұмыстарында, сөйлеу тілінде еркін меңгеру;
- сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қоя білу және олардың қойылу жолдары мен себептерін дәлелдей білу.
-
Бағдарламаның ақпарат - әдістемелік бөлігі.
- Пәнаралық байланыстары: әдебиет пәнімен байланысы, орыс тілі грамматика салыстырумен байланысы, тарих пәнімен байланысы, есеп пәнімен байланысы, табиғаттану пәнімен байланысы.
- Оқушылардың алған білімдерін бағалау: тест, диалог, монолог, сұрақ-жауап, шығарма, мазмұндама, өздік жазбаша жұмыстар, диктант арқылы тексеру жұмыстар.
Ұғымды аппарат
Сөзжасам, құрастыру, құру, талдау жасау, жіктеу, сөз құрамы, лексикалық мағына, сөз тіркесі, жалғастыру, тәуелдеу, септеу, анықтау, жүйелеу, бір мағыналы сөз, көп мағыналы сөз, тура мағыналы сөз, ауыспалы мағыналы сөз, сызу, айырмашылығы, салыстыру, матасу, қиысу, жанасу, қабысу, тыныс белгілері, сызықша, тырнақша, жақша, ұғым, түсіндіру, ажырату, қосымша, тасымалдау, тексеру, ерекшеліктер, жасау, буынға бөлу,
байланыс тәсілдері,меңгеру, қатысы, ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, ырғақ ,
тәсілдер, ойтолғау, сипаттама, тура, жанама толықтауыш, еліктеу.
Әдебиет тізімі:
А. Ш. Бектұрова. – Алматы, 2002.
2. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы.
Ж. Дәулетбекова, Г. Махамбетова. «Жеті жарғы» 2003.
3. Грамматикалық анықтағыш. – Алматы, 1996.
4. Қазақ тілі. А. Досмағамбетова. – Алматы, 1999.
5. «Ана тілім – азығым, адыстырмас қазығым».
М. Шәбжантайқызы. – Көкшетау, 2002.
6. Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.
Р. Әміренова, Ж. Мұсаұлы. – Көкшетау, 2003.
7. Қазақша сөйлесейік. К. Сариева. – Алматы, 1992.
8. Қазіргі қазақ тілі. Ж. Мұсаұлы. – Алматы, 2004.
9. Қазақ тілін үйренеміз. Н. Оралбаева, Х. Есенов. –
Алматы, 2000.
10. Тест жинақтары. Талапкер 2002, Алматы, 2005.
11. Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. – Алматы,
2002.
12. Жоғары сынып оқушыларға арналған құралы. -
Астана, 2002.
13. Тіл дамыту әдістемелік құрал. Ә. С. Әмірова,
К. А. Анартаева. – Алматы, 2005.
14. Модульдік бағдарлама. – Алматы, 2000.
15. Қазақ тілінің лексикологиясы. Айтбай Айғабылұлы. – Алматы 2004.